Аква Марис®
сізді және сіздің балаңызды
суық тиюден және тұмаудан
қорғайды

Біздің препараттарымыз, оларды күн сайын пайдаланатын бүкіл әлемдегі мыңдаған адамдарға көмектесетінін мақтан тұтамыз!

Ересектер мен 2 жастағы балалардың тұмауын емдеу
Аква Марис® Норм
Аква Марис® Норм екі жастағы балалардың, ересектердің, сонымен бірге жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдердің тұмауын емдеуге арналған. Мұрын жолдарына қысыммен кіретін теңіз суы шырышты қабаттан вирустарды, бактерияларды және бөгде бөлшектерді жояды да, тез сауығуға ықпал етеді. Теңіз суының құрамына кіретін минералды заттар шырышты қабаттың қорғаныс функцияларын күшейтеді және мұрын қуысындағы қабыну процестерінен кейін сияқты, хирургиялық операцияларан кейін де оның қалпына келуіне ықпал етеді.
Мұрынның бітелуін жеңілдетуге көмектеседі
Аква Марис® Стронг
Құрамында Адриатика теңізі суының гипертониялық ерітіндісі бар. Аква Марис® Стронг — мұрынның бітелуін жеңілдетуге көмектесетін және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіретін, тұмауға қарсы дәрі-дәрмек. Қан тамырларын тарылтатын құралдардың табиғи баламасы. Теңіз суындағы тұздардың концентрациясы мұрын қуысының шырышты қабатынан артық сұйықтықты жоюды қамтамасыз етеді, мұрын жолдарынан жұқпалы шырышты шығарудың табиғи процесіне әсер етіп, оның ісінуін азайтады. Аква Марис Стронгтың құрамында консерванттар жоқ және жергілікті әсер етеді, сондықтан 1 жастағы балалардың, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдердің қолдануына рұқсат етілген.
Жиі суық тиген кезде мұрынды шаю
Су сепкіш Аква Марис®
Аква Марис® Су сепкіш жиі суық тигенде және ұзақ уақыт жалғасатын тұмаудан жұтқыншақты терең шаюға арналған. Теңіз суының пайдалы микроэлементтері мен минералдары шырышты қабатты қосымша қорғауға және жергілікті иммунитетті қалпына келтіруге ықпал етеді. Сұйықтық мұрын жолдарына қосымша қысымсыз «өтз ағысымен» жіберіледі, соның арқасында есту түтігінде қажетсіз қысымның жоғарылау қаупін барынша төмендетеді және осылайша отиттің туындау қаупін төмендетді. Ересектер мен 3 жастағы балаларға рұқсат етілген.
Аллергиялық риниттен қорғау
Аква Марис® Эктоин
Аква Марис® Эктоин, балалар мен ересектердің аллергиялық ринит симптомдарын жеңілдетеді және балалар мен ересектердің аллергиялық тұмауын емдеген кезде аллергендермен зақымдалған мұрынның шырышты қабатын қалпына келтіруге ықпал етеді. Оның белсенді компоненті Эктоин мұрынның шырышты қабатында қорғағыш қабыршақты түзіп, аллергендердің клеткалармен жанасуына кедергі келтіреді, осылайша аллергиялық реакцияның даму ықтималдығын барынша азайтады.
Ересектер мен 2 жастағы балаларға рұқсат етілген.
Ересектер мен балалардың тұмауын алдын алу
Аква Марис® Классикалық
Аква Марис® спрейі ауру тудыратын бактериялар мен вирустардың енуіне төзімділікті арттырып, өздігінен тазару мен қорғаудың табиғи механизмдерін іске қосатын Адриатика теңізі суының микроэлементтерімен шырышты қабатты байытумен, мұрынның қуысын жұмсақ және біркелкі суарады.
Ересектер мен 1 жастағы балаларға рұқсат етілген.
Мұрынның шырышты қабатын қалпына келтіреді және ылғалдандырады
Аква Марис® Плюс
Бұл дәрі-дәрмек қабыну кезінде, қан тамырларын тарылтатын және жергілікті гормондық құралдарды ұзақ қолдануда кезде салдарынан және былайша айтқанда «құрғақ» тұмауға шалдыққан кезде зақымдалған мұрынның шырышты қабатын қалпына келтіруге арналған. Аква Марис® құрамына кіретін декспантенол Плюс, мұрынның шырышты қабатының жазылуын және қалпына келуін қамтамасыз етеді. Тұздар мен минералды заттарға бай теңіз суы шырышты қабатты ылғалдандырады және мұрынның шырышты қабаты вирустармен және бактериялармен өз бетінше күресуге мүмкіндік беретін механизм – жергілікті иммунитетті ынталандырады.
Ересектер мен 1 жастағы балаларға рұқсат етілген.
3 айлық сәбилердің тұмауын емдеу
Аква Марис® Беби
Теңіз суы негізіндегі құрал 3 айлық балалардың тұмауын жоюға және сауығуын тездетуге көмектеседі. Микроэлементтер жергілікті иммунитетті және шырышты қабаттың қорғаныс функцияларын күшейтеді. Құтыда арнайы әзірленген саптама кішкентай баланың қолдануына ыңғайланған және мұрыннан шырышты және вирустық бөлшектерді шайып, жуу процедурасын оңай орындауға мүмкіндік береді. Аква Марис® Беби отит пен синуситтің дамуына кедергі келтіріп, ортаңғы құлақ пен мұрын қуысына жұқпалы аурудың таралу қаупін төмендетуге ықпал етеді.
Суық тиген кезде тамақты емдеу
Аква Марис® Тамаққа арналған Стронг
Тамаққа арналған Аква Марис Стронг қабынған тамақ ауруларын емдеуге арналған. Оның табиғи құрамы құралды 1 жастағы балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің қолдануына мүмкіндік береді. Тамаққа арналған Аква Марис® Стронг дәрі-дәрмегіндегі тұздардың концентрациясы шырышты қабаттың қабынуы мен ісінуін басуға ықпал ете отырып, микробқа қарсы айқын әсерді қамтамасыз етеді. Теңіз суының құрамына кіретін микроэлементтер ынталандырушы әсерге ие, бұл шырыштың қабаттың вирустар мен бактериялардың алдында табиғи қорғаныстын қамтамасыз ететін фактор – жергілікті иммунитетті қалпына келтіруге және күшейтуге көмектеседі.
Туылған сәттен бастап ұқыпты күтім
Аква Марис® Тамшылар
Аква Марис® Тамшылары – жаңа туылған балалардың мұрын қуысына күн сайын күтім жасауға және тұмауын алдын алуға арналған құрал.
Теңіз суы тұрып қалған шырышты жоюға көмектеседі және баланың мұрнын тазалау арқылы оның табиғи жолмен шығуын жеңілдетуге көмектеседі. Балаларға арналған Аква Марис® шырышты қабатты жұмсақ және біркелкі суарады да, оны ылғалдандыруға және оның функцияларын қалпына келтіруге ықпал етеді.